Жарияланды: 330

Египет соттары президент Мурсиге қарсы шықты

Египет соттары президент Мурсиге қарсы шықты

-Египет судьяларының жоғарғы коллегиясы президент Мурсидің жаңа конституциялық декларациясына қарсылық белгісі ретінде Египеттің бүкіл аумағындағы соттар мен прокурорлардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Жоғарғы коллегияның төтенше отырысында төраға Ахмед Занд мәлім етті, деп хабарлайды «Азаттық». Зандтың сөзіне қарағанда, аталған екі саланың қызметі жексенбіден, яғни 25 қарашадан бастап тоқтауы тиіс. Сондай-ақ төтенше отырыста сәрсенбіден бастап Египет сот корпусы өкілдерінің ереуілі басталатыны хабарланды. Олардың сөзіне қарағанда, бұл ереуіл Мурси өзі қабылдаған конституциялық декларацияның күшін жойғанға дейін жалғасады. Осыған дейін Египеттің бірқатар ірі қалаларының судьялары өз жұмыстарын тоқтататыны туралы мәлімдеген. Өткен бейсенбіде Египет президенті Мұхаммед Мурси жариялаған жаңа конституциялық декларацияны демократияшыл күштер «төңкеріске» теңеп, Мурсиді «жаңа перғауын» деп сынаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін