Жарияланды: 350

Египет үкіметінде он министрліктің басшылары ауысты

Египет үкіметінде ауысулар орын алды. 35 министрліктің 10-ының, соның ішінде ішкі істер және қаржы министрліктерінің басшылары ауысты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Египеттің МЕНА ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ІІМ жаңа басшысы болып генерал Мұхаммед Ибрагим тағайындалды, қаржы министрлігін Әл-Мурси Хигази басқаратын болды. Сондай-ақ орын ауыстырулар көлік, азаматтық авиация, энергетика, әлеуметтік қамсыздандыру, коммуникация және ақпараттық технологиялр министрлктерін, парламент істері, жергілікті даму және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік министрліктерін де қамтыды. Жексенбі күні жаңа министрлер ЕАР президенті Мұхаммед Мурсиге ант береді. Ол өткен жылдың желтоқсаны айының соңындағы халыққа жолдауында елдің жаңа конституциясының күшіне енуіне байланысты премьер-министр Хишам Кандильге кабинетте «ағымдағы ығыттарға жауап бере алатын» бірқатар қажетті алмастырулар жасауға тапсырма бергенін хабарлады. Үкіметтің жаңартылған құрамы жаңа парламенттің қалыптасуына дейін жұмыс істейтін болады, сайлау күні 2013 жылғы ақпан айының соңына дейін белгіленуі тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін