Жарияланды: 410

Египеттегі теміржол апаты: екі пойыз соқтығысты

Египетте теміржол апаты болды. Екі пойыздың соқтығысуы салдарынан кемінде 5 адам қазаға ұшырап, 30-ы жараланды, деп хабарлады РБК.

Оқиға Фейум провинциясында Каирден оңтүстік-батысқа қарай 100 шақырым жерде болды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда апат жол стрелкасын ауыстырушының қателігінен болды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 12 адам ауруханаға жеткізілді, 18 адам қаралғаннан кейін босатылды. Египетте теміржол оқиғасы жиі болып тұрады. Шілденің ортасында Каир маңында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, өртенді. Сонда апат салдарынан 4 адам көз жұмып, 70-ке тарта жолаушы зардап шекті. Египеттің теміржолдарындағы ең үлкен апат 2002 жылы болды. Ол кезде пойызда шыққан өрт салдарынан 363 адам қазаға ұшыраған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін