Оқиға Фейум провинциясында Каирден оңтүстік-батысқа қарай 100 шақырым жерде болды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда апат жол стрелкасын ауыстырушының қателігінен болды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 12 адам ауруханаға жеткізілді, 18 адам қаралғаннан кейін босатылды.
Египетте теміржол оқиғасы жиі болып тұрады. Шілденің ортасында Каир маңында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, өртенді. Сонда апат салдарынан 4 адам көз жұмып, 70-ке тарта жолаушы зардап шекті.
Египеттің теміржолдарындағы ең үлкен апат 2002 жылы болды. Ол кезде пойызда шыққан өрт салдарынан 363 адам қазаға ұшыраған болатын.