Егіс науқаны аяқталуға жақын - Ауыл шаруашылық министрлігі
Қазақстандағы егіс алқаптарының 84 пайызына астық себілді, деп Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті. «Қазір жаздық бидай 84,3 пайыз алқапқа себілді. Бұл жоспардағы 16,5 млн гектардың 13,5 млн гектарын құрайды», - деді А.Мамытбеков үкіметтің сейсенбідегі отырысында. «Аптаның соңына дейін егістің негізгі бөлігін егіп боламыз деп ойлаймын», - деді ол. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін