Дүниеге егіз әкеле деп күтіп жүргенде 23 жастағы Анар Халықова осы перзентханада көз жұмған болатын. Өз аяғымен барып, ажал құшқан жас келіншек пен егіз баланың өлімі біраз шуға ұласқан-ды. Жедел комиссия құрылып, білікті мамандар істің ақ-қарасын тексерген. Бір емес екі рет операция жасалып, аяғы ана мен баланың өліміне әкелген жағдайға дәрігерлердің салғырттығы себеп деген тоқтамға келді ақыры. Айы күні жетіп босануға келген әйелге толыққанды дәрігерлік қызмет көрсетілмеген. Операция уақытынан кеш жасалған, қан көп кету қаупі ескерілмеген деген өрескел кемшіліктер анықталып отыр. Қазір осы перзентхананың 12 қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жас ананы аман алып қалуға болар еді деген өкінішін бас дәрігердің өзі де жасырмайды.
Жанат Мусин, Степногор қалалық ауруханасының бас дәрігері:
- Біздің дәрігерлер бірінші операция болып жатқан кезде дұрыстап қарамағанда, жас әйел деп аяп жатырын қалдырып алмаған. Сол кезде алып тастаса бір пәле жоқ еді. Сол жатырға қан ұйып қала берген.