Бұл туралы бүгiн өтiп жатқан әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы халықаралық конференция барысында елiмiздiң ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлiм еттi.
Оның сөзінше, 2012 жылдан бері, яғни «Е-лицензиялау» іске қосылғалы барлық 86 түрлі лицензия мен 435 рұқсаттар автоматтандырылды.
«Е-лицензиялау» іске қосылғаннан бастап 847 мыңнан астам рұқсатнамалар беріліп, оның ішінде тек 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 249 мың рұқсатнамалар табыс етілді», - деді С. Сәрсенов.