Сондай-ақ, 18 ересек адам да Америка дәрігерлерінің қарауына берілген. Оның барлығы Африкада келген бір ер азаматпен қарым-қатынаста болған жандар екен. Қазір АҚШ ғалымдары Эболаға қарсы ем әзірлеу үстінде. Десе де оның зертханалық қорытындысы шығарылған жоқ. Сондықтан оны қолдануға Ақ үй билігі рұқсат бермеген. Жыл басынан бері Африка құрылығынан дендеген дерттен қаза болған адамдар саны 3 мыңнан асып отыр. Бүгінде аурудың ошағы Либерия, Гвинея, Сьерра-Леон және Нигерияда карантин жарияланған. Індет тіпті көрші Ресейде де тіркелген деген мәлімет бар.