Мария Тереса Ромеро сұхбатында оған анализдерінің нәтижесінің оның Эболаны жұқтырғаны жайлы көрсеткенін ешкім хабарламағанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, ол бұл туралы интернеттен оқыған.
«Мен бөлмеде жалғыз болдым, және маған ешкім нәтижесін айтпады. Мен ұялы телефон арқылы интернет-БАҚ-тан екі анализдің де ауруды растағанын оқыдым», — деді ол.
Сонымен бірге ол ауруды арнайы костюмді шешкен кезде жұқтыруы мүмкін екенін хабарлады.
«Мен форманы шешкен кезде қате жіберген болу керекпін, бірақ оған сенімді емеспін», — деді ол. Бұл туралы оны емдеуші дәрігер де хабарлады.