"Алматы – Тегеран рейстің ұшудың орташа ұзақтығы 3 сағат 55 минут, Тегеран-Алматы —3 часа 30 минут құрайды. Екі жаққа эконом-кластағы барып-қайту билеттің бағасы, барлық алымдарды қосқанда, тек сервистік алымнан басқа, 97 867 теңгені, ал бизнес-класта – 315 070 теңгені құрайды",-делінген хабарламада.
"Эйр Астана" әуекомпаниясы 2001 жылы тіркеліп, ең бірінші рейсін 2002 жылдың 15-ші мамырында Алматы – Астана бағыты бойынша орындады.Акциялық үлестің 51 пайызын үкімет («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаттылық қоры» АҚ), ал 49 пайызын BAE Systems (Ұлыбритания) компаниясы иеленген біріккен кәсіпорындағы акционерлердің әріптестік қарым-қатынастары әуекомпанияның даму тарихында тұрақты болып келеді. Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуе паркі батыста жасалған 30 ұшақтан тұрады және олардың орташа пайдаланым мерзімі 7,11 жылды құрайды. Әуекомпанияның бағдар желісі 60-тан астам ішкі және халықаралық бағыттарды қамтиды. Әуекомпания жеке меншікке сатып алу үшін Boeing 787, Boeing 767, Airbus A320 және Embraer 190 ұшақтарына тапсырыс береді.