«Эйр Астана» әуе компаниясы екі Embraer 190 авиалайнерін сатып алу туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Эйр Астана» әуе компаниясы екі Embraer 190 авиалайнерін сатып алу туралы келісімге қол қойды

«Эйр Астана» әуе компаниясы екі Embraer 190 авиалайнерін сатып алу туралы келісімге қол қойды

«Эйр Астана» әуе компаниясы және Embraer авиақұрылыс концерні екі Embraer 190 авиалайнерін сатып алу туралы келісімге қол қойды.

  • 2 Тамыз 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар келісім бұл үлгідегі қосымша екі авиалайнерін сатып алуға опционды қамтиды. Шарттың жалпы бағасы прайс-листке сәйкес 85,6 миллион долларды құрайды және 2011 жылдың қаңтарындағы экономикалық жағдайға негізделеді. Егер әуе компаниясы опциондарды алса, онда контракт бағасы 171,2 миллион долларға дейін өсуі мүмкін. Әуе компаниясының жеке ұшақтар жеткізілімі 2012 жылдың бірінші жартысында басталады.

Embraer 190 ұшақтарын сатып алуымен әуе компаниясының жеке ұшақтар саны 2013 жылға дейін 8 данаға жетеді. 2008 жылы «Эйр Астана» «Эйрбас» концернімен Airbus A320 алты жаңа ұшағын сатып алу туралы келісімге қол қойды. Олардың жеткізілімі 2012-2013 жылдары іске асырылады. Ұшақтар қаржыландыруы «Эйр Астана» әуе компаниясымен өздігінен, мемлекеттік бюджеттен қаржыны және мемлекеттік кепілдемелерді тартусыз ұйымдастырылады. Меншікті авиалайнерлерді сатып алу 2020 жылға қарай әуе компаниясының авиапаркін 43 ұшаққа дейін кеңейту бойынша бағдарламасының бөлігі болады.

«Біз Embraer 190 авиалайнерлерін пайдалануды басталғаннан кейін «Эйр Астана» өз авиапаркін E-Jet тобының ұшақтарымен кеңейтіп жатқанына қуаныштымыз, — деп түсіндіреді Embraer компаниясының коммерциялық авиация бөлімшесінің президенті Пауло Цезарь де Соуза э Сильва. — Орталық Азия нарығында дамудың үлкен әлеуеті бар және біз «Эйр Астана» әуе компаниясына ішкі және аймақтық бағыттық желісін (Орталық Азия және ТМД кеңістігінде) дамыту үшін Embraer 190 авиалайнерлерін таңдағаны үшін ризашылығымызды білдіреміз».

Қазіргі таңда «Эйр Астана» әуе компаниясы Jetscape Inc компаниясымен лизинг келісіміне сәйкес екі Embraer 190 авиалайнерлерін пайдаланады және тағы екеуін Air Lease Corp компаниясымен лизинг келісіміне сәйкес 2011 және 2012 жылдары алмақшы. Екі меншікті авиалайнермен бірге «Эйр Астана» әуе компаниясының Embraer 190 авиапаркі 6 ұшақты құрайды.

«Эйр Астана» жолаушыларға ұшуды жайлы қылуға мүмкіндік беретін сипаттарға тән авиалайнерлермен флотты жаңарту стратегиясын ұстанады, — дейді «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер. — Embraer 190 ұшу қашықтығы, тиімділігі мен мөлшерлері кейбір бағыттарда ұшулардың жоғары жиілігімен әуе тасымалдарды дамытуға және Орталық Азияда, әсіресе, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Қырғызстанға, Ресейдің оңтүстігіне және Грузияға бағыттарды орындауға өте қолайлы».

Соңғы жаңалықтар