"Эйр Астана" әуе компаниясының басшылығы өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
0 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Эйр Астана" әуе компаниясының басшылығы өзгерді

"Эйр Астана" әуе компаниясының басшылығы өзгерді

"Эйр Астана" ЖАҚ әуе компаниясының басшылығы өзгерді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл компанияны 2002-жылдан бері басқарып келген Л.Пакстонның орнына Royal Brunei Airlines (RBA) компаниясының басшысы Пенгиран Дато Абдул Хамид (толық есемі Пенгиран Дато Подука Хаджи Абдул Хамид бин Пенджиран Хаджи Мохд Яясин) жайғасты.

  • 1 Қазан 2005
  • 440
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Эйр Астана» әуе компаниясы 51 процент акциясы ҚР үкіметінің, 49 проценті BAE Systems Ltd компаниясының иелігіндегі бірлескен кәсіпорын болып табылады. Ол 2001-жылы құрылған.
Әуе компаниясының көлік қоры 11 ұшақтан тұрады. Қазіргі жағдаймен, компанияның көлік қорында бір «Бойнг 737-800», екі «Бойнг-737-700», үш «Бойнг-757-200» және бес «Фоккер-50» ұшағы бар.
2005-жылдың аяғына дейін әуе компаниясы 6 млн. доллардың пайдасын таппақшы. 2004-жылы салық төленгеннен кейінгі әуе компаниясы тапқан пайда көлемі 11,7 млн. долларды, 2003-жылы 1,7 млн. долларды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта