Эйр Астана әуе компаниясының көлік қоры бес бірдей "Фоккер-50" ұшағымен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эйр Астана әуе компаниясының көлік қоры бес бірдей  "Фоккер-50" ұшағымен толықты

Эйр Астана әуе компаниясының көлік қоры бес бірдей "Фоккер-50" ұшағымен толықты

Бүгін, 24-наурызда Астана әуежайына Эйр Астана әуе компаниясының көлік қорын толықтыратын турбовинтті "Фоккер-50" ұшағы келіп қонды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 24 Наурыз 2004
  • 426
Фото - Caravan.kz

Эйр Астана әуе компаниясының президенті Ллойд Пакстонның айтуынша, «бұл — компания сатып алуды көздеп отырған осындай үлгідегі бес ұшақтың бірі». Оның айтуынша, 50 орынды «Фоккер-50» ұшағы ішкі бағыттарда пайдаланылады.

Астанаға бүгін келіп қонған ұшақ бұған дейін Скандинавия елдерінде қызмет еткен.
«Ұшақ Қазақстан әуежайларындағы ұшу-қону алаңдарына қона алумен бірге, осындағы ауа-райы ахуалына да лайық, орнықты ұшақ болып келеді»,- дейді Л.Пакстон.
«Эйр Астана» әуе компаниясының ақпаратына сәйкес, мамыр айының соңына дейін осындай тағы да 4 ұшақ әкелінеді. Нәтижесінде, әуе компаниясының көлік қоры 11 ұшақтан тұрмақ. Қазіргі жағдаймен, компанияның көлік қорында үш бірдей «Бойнг-737», үш бірдей «Бойнг-757» ұшағы бар.

Соңғы жаңалықтар