Министрлік ақпаратына сәйкес, 23-маусымда кешкі 21 сағат шамасында Шымкент әуежайының кешенді сменасының бастығынан бір қозғалтқышы жұмыс істемей қалған Fokker-50 ұшағының қалаға бет алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ұшақтың апатты жағдайда қонуына байланысты әуежайдың құтқару қызметтері жаппай тікесінен-тік тұрғызылып, дайындық жағдайына көішірілді.
21 сағат 10 минутта ұшақ аман-есен қонды. Fokker-50 ұшағы Қызылорда-Шымкент бағытында ұшып келе жатқан, бортында 33 жолаушысы мен 4 экипаж мүшесі болыпты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Эйр Астана» әуе компаниясы 2004-жылы операциялық лизингіге 3 жыл мерзімге 5 бірдей Fokker-50 ұшағын алған. Алайда жыл аяқталмай жатып бұл ұшақтардан ақаулар шықты.
2005-жылдың 6-сәуірінде Алматыда өткен кезекті баспасөз мәслихатында әуе компаниясының президенті Ллойд Пакстон Fokker-50 ұшақтарының операциялық лизингінің мерзімін ерте аяқтау мүмкіндігін жоққа шығармады.