«Жергілікті уақытпен сағат 19.50-де ұшақ Утапаодан ұшады деп жоспарланған. Қазіргі жағдаймен ұшып келуге ниет білдірген 160 адам тіркелді. Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшілігі мен «Эйр Астана» әуекомпаниясы адамдарды қонақүйде әуежайға жеткізетін автобус шығарды. Ұшақ Алматы халықаралық әуежайына сағат 2.25-те келеді деп күтілуде», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті