Олардың айтуынша, аэродром жабық болғандықтан рейстер бөгеліп жатыр. «2017 жылдың 29 мамырында 20 ішкі және сыртқы рейс Алматы әуежайынан уақытында ұша алмады. Өйткені әуежай жабық болды. 29-30 мамыр күні түнгі 1-ге дейін ұшу жолағында жөндеу жұмыстары жүрді. Бұл жоспарланбаған еді. Кестесі бұзылған рейстердің жолаушылары СМС арқылы хабарлама алды. Ал әуежайда 2-4 сағат күтуге мәжбүр болған жолаушыларға ыстық тамақ пен сусын берілді», — деді әуе компаниясының баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, Эйр Астана компаниясы жолаушыларға жолға шықпас бұрын +7727 444477 арқылы ұшу кестесін бір қарап тексеріп алуға кеңес берді. Соңғы кездері Алматы әуежайы техникалық себептерге байланысты 2 рет жабылған еді.