«Эйр Астана» ұшақтары Талдықорғанға қыркүйектің ортасынан бастап ұшады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Эйр Астана» ұшақтары Талдықорғанға қыркүйектің ортасынан бастап ұшады

«Эйр Астана» ұшақтары Талдықорғанға қыркүйектің ортасынан бастап ұшады

«Эйр Астана» әуе компаниясының ұшақтары Талдықорғанға қыркүйек айының ортасынан ұшатын болды.

  • 30 Тамыз 2015
  • 546
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев нақтылады.

Оның айтуынша, Талдықорған қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағы реконструкцияланып, ол 500 метрге ұзартылды, ені 16 метрге жетті. 

— Жолаушылар мінген алғашқы ұшақ Талдықорған әуежайына 4 қыркүйекте қонады деп жсопарлаған едік. Алайда ол 10 күнге шегерілді. Енді бұл ұшу 14 қыркүйекте жүзеге асырылмақ. Ұшақ билетінің құны шамамен 18 мың теңге болады, — деді Б.Өнербаев.


Сондай-ақ «Жетысуавиа» әуе компаниясымен «Талдықорған-Үшарал» рейсі қолға алынбақ. Осылайша, Алакөл маңында демалғысы келетін туристер үшін жергілікті билік көлік инфрақұрылымын жақсартпақ.

Соңғы жаңалықтар