ҚР көлік және коммуникация министрлігінің ақпараты бойынша, «Эйр Астана» әуекомпаниясы өз қызметі барысында 785 жұмыс орнын құрған. 2003 жылы компанияның күшімен 387 мың жолаушыға қызмет көрсетіліп, 2,3 мың тонна жүк тасымалданып, 4636 рейс орындалған.
Кеңес барысында «Эйр Астана» ЖАҚ өзіне жүктеп алған міндеттемесін мүлтіксіз атқарып келе жатқан қаржылық жағынан қуатты әуекомпания екені атап өтілді.
Үкімет басшысы жолаушылар үшін мейлінше қолайлы жағдай туғызуға талпынып отырған компания басшылығының ұмтылысын қолдай отырып, компанияның жұмысын жоғары бағалады.