"Эйр Қазақстан" ЖАҚ кредитор 9 компанияға берешегін мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 527.58
  • 546.15
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Эйр Қазақстан" ЖАҚ  кредитор 9 компанияға берешегін мойындады

"Эйр Қазақстан" ЖАҚ кредитор 9 компанияға берешегін мойындады

2004-жылғы 16-сәуірде Алматы экономикалық сотында болған сот мәжілісі барысында "Эйр Қазақстан" ЖАҚ кредитор 9 компанияға берешегін мойындады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне берген сұхбатында Алматы экономикалық сотының судьясы Шекер Байғожина хабарлады.

  • 20 Сәуiр 2004
  • 487
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «»Эйр Қазақстан» ЖАҚ -ын банкрот деп жариялау туралы іс қозғалғаннан бері жеке талап иесі түрінде емес, бұл іске Алматы халықаралық әуежайының шағым талаптарын қолдаушы үшінші жақ ретінде қатысуға 9 кредитор ниет білдірген». Нәтижесінде Эйр Қазақстан» ЖАҚ оларға берешегін толық мойындады. Атап айтсақ, ол 35,3 млн. теңгені «Ерминстрой» ААҚ-на, 853 мың долларды «МС Мира Импекс компаниясына», 1,4 млн. теңгені «Время» баспасына, 2,6 млн. теңгені «Алматытелеком» қалалық телекоммуникациялық орталығына байланыс қызметі үшін, 272 мың долларды «Союз Авиа» ЖШҚ-на, 25,3 млн. теңгені Авиа консалтинг компаниясына, 723 мың долларды «Авиаэкспресс»ЖШҚ-на , 57,7 млн. теңгені «Гелеос» ЖШС-не, 456 млн. теңгені Түрксіб аудандық салық комитетіне, 679 млн. теңгені Алматы халықаралық әуежайына 2001-жылғы тамыз айынан бергі берешек ретінде қайтаруы тиіс.

Ш.Байғожинаның айтуынша, «Банкроттық туралы» заңның 71-бабына сәйкес сот шешімі күшіне енгеннен кейін 2 ай ішінде кредиторлар компанияның конкурстық басқарушысына өздерін кредиторлар реестріне енгізу жөнінде өтініш беру құқығы белгіленгендіктен, алдағы уақытта кредиторлар саны арта түседі деп күтілуде».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 16-сәуірде Алматы экономикалық соты «Эйр Қазақстан» ЖАҚ әуе компаниясын банкрот деп тану процедурасын бастау туралы шешім шығарған. Шешім 15 күннен кейін, 7-мамырда күшіне енуі тиіс.
«Эйр Қазақстан» ЖАҚ әуе компаниясы ҚР көлік және коммуникация министрлігіне 2004-жылдың ақпан айынан бастап бірқатар тұрақты авиациялық бағыттар бойынша ұшуларды доғаратынын мәлімдеген болатын. Ондай жағдайға компанияның қаржылық ахуалы түрткі болған. Қазіргі жағдаймен компанияның кредиторлық берешегі 55-60 млн. долларға жетіп жығылады.
ҚР азаматтық авиация комитетінің төрағасы Алмасбек Мәмбетовтың айтуынша, «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның берешегі туралы баян 1999-жылдан бастау алады. «Ол кезде әуе компаниясы басшылығының теріс саясаты салдарынан қаржылық лизинг жолымен 102 млн. долларға алынған екі Бойнг-737 және екі бірдей А-310 аэробусы әуе компаниясын қарызға белшеден батырған». А.Мәмбетовтың айтуынша, берешек содан бері мүлдем азайған жоқ. «Республика үкіметі ахуалды өзгертуге екі мәрте қадам жасады. Алғаш рет 2001-жылы ҚР үкіметі екі аэробусты сатып алуы нәтижесінде «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның 4,5 млн. доллар көлеміндегі қарызы өтелді. Ал 2002-жылы үкімет Қазкоммерцбанкке берешегі үшін «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның акцияларын 15 млн. долларға сатып алды. Нәтижесінде Қазкоммерцбанк әуе компаниясының 20 млн. доллар шамасындағы қарызына кешірім беріп, басқа да кредиторлық берешектерді өтеу ұзақ мерзімге кейінге шегерілді»,- деді А.Мәмбетов.
2000-жылдың 30-желтоқсанынан бері «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-на Еркін Қалиев басшылық етеді.