"Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның Павлодарлық өкілдік қызметкерлерінің алдындағы берешегі 4,5 млн. теңгені құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның Павлодарлық өкілдік қызметкерлерінің алдындағы берешегі 4,5 млн. теңгені құрайды

"Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның Павлодарлық өкілдік қызметкерлерінің алдындағы берешегі 4,5 млн. теңгені құрайды

"Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның Павлодарлық өкілдік қызметкерлерінің алдындағы берешегі 4,5 млн. теңгені құрайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның Павлодарлық өкілдігінің директоры Вячеслав Карпычев хабарлады.

  • 1 Наурыз 2004
  • 400
Фото - Caravan.kz

В.Карпычевтың ақпаратына жүгінсек, өкілдіктің 200 қызметкері, соның ішінде 54 ұшқыш 2004-жылғы қаңтар және ақпан айларындағы еңбекақысын алған жоқ. Ал «Эйр Қазақстан» ЖАҚ басшылығының бұйрығымен өкілдіктің жабылуына байланысты 9-24 — наурыз аралығында өкілдіктің барлық қызметкерлері жұмыстан босатылады.

Сондай-ақ, В.Карпычевтың мәліметі бойынша, қазіргі жағдаймен коммуналдық қызмет төлемдері бойынша өкілдіктің «Павлодар әуежайы» ААҚ-ның алдындағы берешегі 1 млн. теңгені құрайды. «Коммуналдық қызмет төлемдері бойынша берешек өтелмеген жағдайда өкілдік ғимараты тоқ пен судан ажыратылып, бу қазандығының жұмысы тоқтатылып, ұшақтарды күзету жұмысы доғарылғалы отыр»,- дейді В.Карпычев.
Өкілдік ұжымы «Ертіс-Авиа ӘК» ААҚ-ын «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-на біріктіру жөніндегі 2002-жылдың 13-ақпанындағы №1004-ші үкімет қаулысының күшін жоюды өтініп бұған дейін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен үкіметке жолдаған хатынан әлі де үміт күтуде. Ұжым хатында атап көрсетілгеніндей, «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның Павлодарлық және Өскемендік өкілдігінің негізінде, сондай-ақ, 2002-жылы «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның иелігіне өткен бұрынғы «Ертіс-Авиа ӘК» ААҚ-ының мүлік кешенінің негізінде тиімді жұмыс істейтін аймақтық әуе компаниясын құру туралы ұсыныс білдірілген.
«Біз ҚР парламенті мәжілісінде құрылған арнаулы депутаттық комиссияның жәрдеміне де сенім артамыз»,- дейді В.Карпычев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 5-ақпанынан бастап «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның Павлодарлық өкілдігі атқарып келген ұшу бағыттары «Скат» әуе компаниясына өткерілді.

Соңғы жаңалықтар