Жарияланды: 550

Эколог Мэлс Елеусізов Алматыда ағаштардың кесілуіне қарсы

Эколог Мэлс Елеусізов Алматыда ағаштардың кесілуіне қарсы

Қазақстандық эколог, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов Алматы қаласы мен қала маңында ағаштардың белсенді түрде кесіліп жатқанына қарсы. Бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізген ол, ағаштарды жаппай кескен жөн емес деді.

Оның сөзіне қарағанда, Алматыда қазірге дейін талай ағаш қырқылған. «Олардың орнына жас көшеттер отырғызылуда. Алайда олар күтілмегендіктен, көпшілігі өліп жатыр. Кесіліп жатқандардың арасында «сау» ағаштар да бар»,- деді эколог. «Жақында Алматыда бірнеше мың ағаш кесілетіндігі туралы оқыдым. Арнайы органдар ағаштарды кесу керектігін дәлелдей ала ма? Егер ағаштар ескіріп, құлау қаупі туса, онда мүлікті сақтандыру түсінігі бар. Сақтандыр, ағаш құласа шығын қайтарылады. Бізге қай жерде қанша ағаш кесілетіні, орнына қаншасын отырғызғаны туралы карта керек. Ағаштарды кесу біздің қаланы «өлтіреді», Алматы ағаштардың арқасында ғана әдемі болып тұр. Алматыны ауа бөліп тұрған ағаштар ғана құтқарып тұр. Онсыз демалу қиындайды»,- деді М.Елеусізов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін