Экология саласындағы айыппұлдардың басым бөлігі мұнай, газ саласындағы кәсіпорындардың еншісінде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экология саласындағы айыппұлдардың басым бөлігі мұнай, газ саласындағы кәсіпорындардың еншісінде

Экология саласындағы айыппұлдардың басым бөлігі мұнай, газ саласындағы кәсіпорындардың еншісінде

Экология саласындағы айыппұлдардың басым бөлігі мұнай, газ саласындағы кәсіпорындардың еншісінде.

  • 24 Маусым 2011
  • 508
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталмыш министрліктің Экологиялық реттеу мен бақылау комитетінің төрағасы Сағымбек Мұташев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу нысандарында технологиялық жабдықтардың істен шығуына жиі жол беріледі. Бұның нәтижесі алауда рұқсат етілмеген газдың жағылуына әкеліп соғып отыр. «Бірлескен тексерулер кезінде 2010 жылы «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің газды қайта өңдеу зауытында технологиялық жабдықтардың жұмысына қатысты 60 штаттан тыс жағдай тіркелген. Олар жұмысты тоқтатып, ілеспе газды алау арқылы жағуға мәжбүрледі. Нәтижесінде атмосфераға 420 тонна зиянды заттар шығарылды. Осы құқық бұзу әрекеттері үшін «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы сомасы 476,5 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 441,7 миллион теңгесі төленді. Сондай-ақ жалпы сомасы 3 миллиард 600 миллион теңге болатын залалды өтеу жөнінде талап қойылып, ол сома мемлекет кірісіне берілді»,-деді комитет төрағасы.

Технологиялық жабдықтардың істен шығуы елдегі басқа да кәсіпорындардан байқалған. Осындай жағдай 2011 жылдың қаңтарында «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясында орын алды. «Онда рұқсат етілмеген газды жағу нәтижесінде қалдықтарды нормативтен тыс орналастыру жағдайы мен ластаушы қалдықтар анықталды. Осыған қарай 2 миллиард теңгеге айыппұл салынды, бірақ компания бұл ақшаны осы уақытқа дейін төлеген жоқ», -деді С.Мұташев.

Соңғы жаңалықтар