Экологтар Астанадағы қою түтіннің себебін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экологтар Астанадағы қою түтіннің себебін түсіндірді

Экологтар Астанадағы қою түтіннің себебін түсіндірді

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының өкілдері қала аспаныңдағы қалың түтіннің себебін түсіндірді.

  • 7 Желтоқсан 2018
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, ведомство өкілдері атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайту үшін кешенді шаралар қабылдайды.

"Осы күндері Астана аспанында қалың түтін тұр, оның себебі — ауа райының қолайсыздығы (желсіз тұман) және жер үйлердің үйді жылыту үшін көмірді жағуы", — деп түсіндірді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасындағылар.

Сонымен қатар, Астана қаласының атмосфералық ауасын ластаудың негізгі көздері 1, 2-ші ЖЭО және автономды қазандықтар, ластаушы заттардың жалпы шығарындыларының 95,5 пайыздан асатыны айтылады.

Қаланың ауа кеңістігін жақсарту мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылған: коммуналдық шаруашылықтардың 854 техникасы газга ауыстырылған, өз көліктеріне газ орнатуға 14 мыңнан аса заңды және жеке тұлғаға рұқсат берілген. Астана әкімдігіне қызмет көрсететін 500 таксиді газға аудару бойынша меморандумға қол қойылды. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша "Астана қаласында газ тарату желілерінің құрылысы және тұрғын алаптары мен жеке секторды табиғи газга ауыстыру бойынша жол картасы" әзірленді", — делінген әкімдіктің сайтында.

Газдандыру станциясының да іске қосылғаны айтылады. Оған "Назарбаев Университеті", Ғарыш орталығы академиясы, Қорғаныс министрлігі қосылған.


 

Соңғы жаңалықтар