Экономика министрі орынбасарының пайымдауынша, еліміздің заңдарында сайланған әкімдерді кері шақырып алу тетіктері қарастырылуы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономика министрі орынбасарының пайымдауынша, еліміздің заңдарында сайланған әкімдерді кері шақырып алу тетіктері қарастырылуы тиіс

Экономика министрі орынбасарының пайымдауынша, еліміздің заңдарында сайланған әкімдерді кері шақырып алу тетіктері қарастырылуы тиіс

Еліміздің заңдарында сайланған әкімдерді кері шақырып алу тетіктері қарастырылуы тиіс. Бүгін, 17-қарашада парламент сенатының ұйымдастыруымен өткізілген "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару үрдісінің қалыптасу проблемалары туралы" дөңгелек үстел барысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Батырхан Исаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 17 Қараша 2004
  • 346
Фото - Caravan.kz

«Еліміз заңнамасында осындай мүмкіндік қарастырылуы тиіс. Өйткені, ауыл тұрғындарының саяси сауаттылық деңгейі төмен болғандықтан, кез-келген ЖШС директорының өзі онда өктемдік жүргізе алады. Ондай адам билікке келсе, тұрғындардың мұқтаждығынан гөрі өз мүддесін жоғары қоятыны сөзсіз»,- дейді Б.Исаев.

Вице-министрдің пікірінше, сайланған әкімді кері шақырып алу функцияларын «мәслихатқа, немесе, басқа да жергілікті өзін-өзі басқару мекемесіне өткеріп беруге болады».

Перейти к новостям спорта