Экономикалық контрабандамен айналысты деп айыпталған Қайрабаев Әбу-Дабиден табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономикалық контрабандамен айналысты деп айыпталған Қайрабаев Әбу-Дабиден табылды

Экономикалық контрабандамен айналысты деп айыпталған Қайрабаев Әбу-Дабиден табылды

Алматы облысының Қорғас және Қалжат бекеттерінде экономикалық контрабандамен айналысты деп айыпталған Талғат Қайрабаев Әбу-Дабиде ұсталды, деп хабарлайды экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі.

  • 31 Мамыр 2011
  • 405
Фото - Caravan.kz

«Үстіміздегі жылдың 29 мамырында Әбу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) Интерпол қызметкерлері қаржы полициясының іздестіру тапсырмасы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың лидері «Әулие Талғат» лақап атымен белгілі Талғат Қайрабаевты ұстады. Ол қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, кейін ҰҚТ құрып, басқарғаны және ұзақ уақыт бойы «Қорғас» пен «Қаджат» кеден бекеттерінде экономикалық контрабандамен айналысты деген айыптау бойынша іздеуге жарияланған болатын», — делінген сейсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта агенттік ҚР бас прокуратурасы арқылы Т. Қайрабаевты Қазақстанға экстрадициялау процедурасын қолға алды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар