Экономикалық саясат жөніндегі кеңес Ұлттық қорды дамытудың орта мерзімді тұжырымдамасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономикалық саясат жөніндегі кеңес Ұлттық қорды дамытудың орта мерзімді тұжырымдамасын мақұлдады

Экономикалық саясат жөніндегі кеңес Ұлттық қорды дамытудың орта мерзімді тұжырымдамасын мақұлдады

ҚР Экономикалық саясат жөніндегі кеңесі Ұлттық қорды дамытудың орта мерзімді тұжырымдамасын мақұлдады. Бұл туралы бүгін, 25-қарашада кеңес отырысынан кейін қаржы министрінің орынбасары Ғани Өзбеков мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Қараша 2004
  • 328
Фото - Caravan.kz

«Жалпы алғанда тұжырымдама оң бағаға ие болды. Сөйтіп, тұжырымдамаға арқау болған бюжеттің тепе-теңдік үлгісі алдын-ала мақұлданды. Енді біз оны кеңеске қатысушылардың ескертулері негізінде толықтыратын боламыз». Оның айтуынша, «үлгіні толықтыру мен ел заңдарына енгізілетін тиісті өзгерістер жобасын жасауға жылға жуық жұмалады. Демек, тұжырымдама 2006-жылдан бастап қолданысқа енгізіледі деп есептеу керек».

«Мұнай саласының кірістерін толық аудару туралы сөз қозғағанда тұжырымдама жобасын жасаушылар тікелей салықтар туралы айтқанын ескеру қажет»,- деді Ғ.Өзбеков. «Ал қосалқы және жергілікті салықтарды біз әзірге жергілікті бюджеттің қарамағында қалдыруды ұйғардық»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта