«Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткіздім», -деп жазыпты К. Мәсімов сәрсенбі күні Twitter-ге.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, кеңесте әлемдік шикізат нарықтарындағы баға конъюктурасының ықтимал өзгерістерін ескеретін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі сценарийлерінің жобалары талқыланды.
Сонымен бірге, бюджеттік тұрақтылықьы қамтамасыз ету, дағдарысқа қарсы тетіктерді пайдалану, мұнай-химия саласын, тұрғын үй құрылысын, ТКШ саласын дамыту мәселелері қаралды.