Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі агенттік дайындаған заңнамалық түзетулерді толықтыру қажет - Оралбай Әбдікәрімов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі агенттік дайындаған заңнамалық түзетулерді толықтыру қажет - Оралбай Әбдікәрімов

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі агенттік дайындаған заңнамалық түзетулерді толықтыру қажет - Оралбай Әбдікәрімов

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы тез арада жетілдіру қажет. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі агенттік дайындаған заңнамалық түзетулерді толықтыру қажет. Бұл туралы "Нұр Отан" ХДП орталық аппараты өткізген кеңесте "Нұр Отан" партиясының жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 535
Фото - Caravan.kz

«Нұр Отан» партиясының өкілдері, құжатты әлі де толықтыру керек дейді. Заң жобасы 18 заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Дегенмен, осы күні пара алып, берушілердің қатары көбейіп тұрған мемлекеттік сатып алу, жер телімдерін бөлу, мемлекеттік тіркеу сияқты мекемелердегі жемқорлықтың алдын алу тетіктері қамтылмаған, деді «Нұр Отан» партиясының жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов.

Ал ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Шалатай Мырзахметовтың айтуынша, «бұрынғы заңның жобасында тек қана қолданатын іс-шараларды күшейтілген. Бұрын 3 жылға дейін жазаға тартылатын болса, енді жеті жылға дейін айталық. Оның барлығы дұрыс, бірақ оның бәрі неге негізделіп жатқаны туралы ойды толық айтып шықса деген айтылып жатыр».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар