Экшн-фильмдердің халықаралық «АСТАНА» кинофестивалінде прокатқа шықпаған әлемдік фильмдер ұсынылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экшн-фильмдердің халықаралық «АСТАНА» кинофестивалінде прокатқа шықпаған әлемдік фильмдер ұсынылады

Экшн-фильмдердің халықаралық «АСТАНА» кинофестивалінде прокатқа шықпаған әлемдік фильмдер ұсынылады

Экшн-фильмдердің халықаралық «АСТАНА» кинофестивалінде кинопрокатқа шығып үлгермеген әлемдік фильмдер ұсынылады. Бұл туралы бүгін Астанада шараның ұйымдастыру комитетінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Фестивальдің бас директоры Ирен Ванидовская мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 10 Маусым 2010
  • 604
Фото - Caravan.kz

Фестивальдің бас директоры Ирен Ванидовскаяның айтуынша, Астанаға боксшы Майк Тайсон өзінің «Тайсон» атты фильмін алып келеді. «Матрица» фильміндегі трюктердің қоюшысы Ву Пинг «Нағыз аңыз» атты айналымға шығып үлгермеген 3D форматындағы жаңа киносын ұсынады. «Золотое сечение», «Гадкий Ян» әлемдік премьералары өтетін болады. Фестивальдің ашылуында бас кино ретінде режиссер Микаель Хафстремнің «Шанхай» киносы таңдалып алынды. Қазақстан киноларының ішінде Игорь Цайдің «Цуг-Цванг» атты туындысы көрсетіледі. Фильмдердің нақты бекітілген бағдарламасы маусымның 14-і күні www.astanafestival.kz сайтында жарияланады.

Маусымның 27-сі мен шілденің 1-і күндері Астанадағы «Қазақстан» кино-концерттік залында өткізілетін фестиваль аясында Азия, ТМД және АҚШ-тың, Еуропа режиссерлерінің «экшн» жанрындағы 30-ға тарта киносы мен анимациялық фильмдері көрсетілетін болады.

Фестиваль Қазақстан жерінен шыққан әлемге әйгілі режиссер Тимур Бекмамбетовтің бастамасы. «АСТАНА» кинофестиваліне Ресейдің танымал Владимир Машков, Андрей Чернышов, Екатерина Резникова, Дмитрий Певцов, Дмитрий Харатьян сынды актерлері елордаға ат басын тірейді. Сонымен қатар қонақтардың ішінде актер Дольф Лундгрен бар.

Ұйымдастырушылардың атап көрсеткеніндей, кинофестивальдің басты мақсаты — отандық киноөндірісін дамыту және дүние жүзіне Қазақстан атын әйгілеу.

«Астана шақырылған әлемдік киноның «жұлдыздарын», танымал актерлерін, продюсерлері мен режисерлерін қабылдауға және осынау әлемдік шараны өткізуге дайын. Бұнда жол, кинозалдар, қонақүйлер мен тамақтандыру мәселелері шешімін тапқан», дейді И. Ванидовская.