Экс-консул Сыртқы істер министрлігімен соттасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 508.42
  • 580.72
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экс-консул Сыртқы істер министрлігімен соттасып жатыр

Экс-консул Сыртқы істер министрлігімен соттасып жатыр

Сыртқы Істер министрлігін бұрынғы қызметкері сотқа берді.  Дипломаттар арасындағы үлкен жанжал Дамаскідегі экс-консул Бабур Дәуренбектің жұмыстан қуылуынан басталған.

  • 3 Қазан 2015
  • 445
Фото - Caravan.kz

Негізі Сириядағы соғысқа байланысты мұндағы өкілдік Иорданиядағы елшілікке ауыстырылған екен. Алайда, Амман қаласына бала-шағасымен көшкен  Бабур Дәуренбек Иорданиядағы елшімен сыйыспай кейін Сыртқы Істер министрінің бұйрығымен қызметінен қуылыпты. Өзінің айтуынша, елшінің заңсыздығын әшкерелеймін деп Қазақстанға қайтарылғанын айтады. Бір қызығы «жұмыстан заңсыз қуылдым» деген экс-консул бүгін сотқа келген жоқ. Оның мүддесін екі бірдей адвокаты қорғап жатыр. Ал далада қалған дипломат Сыртқы Істер министрлігінен қайта қызметке алуды талап етіпті.

Айжан Ақбасова, адвокат:

-Сыртқы министрлігі Бабур Дәуренбектің дәлелдерін тыңдағысы келмеді. Біз мұны бұлай қалдырмаймыз. Халықаралық сотқа арызданып әділдікті талап етеміз!