Экс-министр Біржан Нұрымбетовтің туған ағасы 10 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экс-министр Біржан Нұрымбетовтің туған ағасы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Экс-министр Біржан Нұрымбетовтің туған ағасы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Қазақстанның бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың інісі Тимуржан Нұрымбетов 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Маусым 2021
  • 59
Фото - Caravan.kz

Тараз қаласының № 2 соты Тимуржан Нұрымбетовке, Романова, Утеулина, Сарымсақов және Мұстафаға қатысты қылмыстық істі қарады.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Нұрымбетов тергеу барысында 44 млн теңгеден астам сомаға ірі көлемде пара алды, алаяқтық жасады, ақшаны заңдастырды және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды. Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 54 млн теңгеден астам сома залал келген.

Басқарманың бұрынғы қызметкерлері Романов пен Утеулинаға парақорлық, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ал ЖШС директоры Сарымсақов пен ҚБ өкілі Мұстафа аса ірі көлемде алаяқтық жасады, парақорлыққа делдал болды және ірі көлемде пара берді деп айыпталды.

Прокурор Нұрымбетовке– 12 жыл, Романоваға — 8 жыл, Сарымсақовқа — 9 жыл, Утеулинаға — 7 жыл, Мұстафаға – 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Адвокаттар сотталушылардың әрекеттерін онша ауыр емес баптарға қайта саралауды және қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза тағайындауды талап етті. Кінәні ішінара мойындау жеңілдететін мән-жай, ал төтенше жағдай кезінде қылмыстар жасау ауырлататын мән-жайлар деп танылды. Кінә сотталушылардың, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және басқа да дәлелдермен дәлелденді.

"Жалпы алғанда, Нұрымбетовке мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызметте лауазымдық қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – деді сотта.


Бұл ретте экс-министрдің інісі ақшаны заңдастырды деген айыптан ақталды.

Романова мен Сарымсақовқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленді. Утеулина 5 жылға, Мұстафа 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды",-деп хабарлады Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың туған ағасы пара алған жерінен ұсталғаны туралы ақпарат былтырғы сәуір айында пайда болды. Тимур Нұрымбетовті 9 000 000 теңге көлеміндегі ақшаны алып жатқан кезде ұстады.

 

Соңғы жаңалықтар