Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.
Сәрсенбі күні мәжіліс депутаттары жалпы отырыс өткізді. Отырысты қорытындылай келе, Нығматулин әріптестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өткізілетін мерекелік шаралар туралы мәлімет берді – Тәуелсіздік Сарайындағы салтанатты жиын мен "Астана Опера" театрындағы концерт. "16 желтоқсан күні сағат 11:00-де ЭКСПО аумағында "Ұлы Дала елі" монументінің ашылу салтанаты болады", — деді Нығматулин. "Ұлы Дала елі" ұлттық брендін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған.