«Экспо» төңірігендегі дау туристер санына әсер етпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Экспо» төңірігендегі дау туристер санына әсер етпейді

«Экспо» төңірігендегі дау туристер санына әсер етпейді

ЭКСПО төңірегіндегі жемқорлық дауы елімізге келетін   туристер санының  азаюына еш әсер етпейді. 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрменің ұйымдастырушылары осылай деп өздеріне сенімді.

  • 1 Тамыз 2015
  • 413
Фото - Caravan.kz

Роза Асамбаева, «Астана-ЭКСПО» ұлттық компаниясы төрағасының кеңесшісі:

-Экспоға деген қызығушылық төмендеген жоқ, сұраныс та сол күйде. Біз көрмеге қатысушылар да, қонақтар да толық келеді деп сенеміз.

Ал, үйқамақта отырған экс-басшы «Талғат Ермегияев бастаған топ-менеджерлердің тұтқындалуы ЭКСПО-ның имиджін төмендетіп жібермей ме?» деген сауалға ұйымдастырушылар жауап берісі келмеді. Есесіне, халықаралық көрме кезінде 2 миллионнан астам туристке қызмет етуге дайынбыз дейді. Оның 300 мыңы шетелден келмек. Әр туристтен 1 жарым мың доллар пайда көреміз деп мақтанды. Тіпті ЭКСПО-ға еуропадағы алпауыт туроператорлар да ерекше қызығып отыр екен. Ал, ұлттық компания келген қонақтартарды Астанадан өзге Алматы, Павлодар, Тараз, Шымкенттегі туристік орындарды көрсету үшін  жаңа көлік торабы мен қонақүйлерлерді дайындауға кірісіпті. Осылайша көрмеге жауаптылар  президенттің қатаң сынынан кейін қарқынды жұмысқа кіріскендей. Елбасы ЭКСПО-ға әзірлікке көңілі толмайтынын және кем дегенде 100 мемлекеттің  қатысуына жағдай жасаңдар деп ұлттық компания басшылығын сынға алған еді.

Соңғы жаңалықтар