ЭКСПО жұмысына оқушылар да жегілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО жұмысына оқушылар да жегілуі мүмкін

ЭКСПО жұмысына оқушылар да жегілуі мүмкін

ЭКСПО жұмысына оқушылар да жегілуі мүмкін. Бүгін Астанада ұстаздардың жаңа оқу жылы қарсаңындағы дәстүрлі тамыз маслихаты өтті. Онда мұғалімдер қала әкімі Әділбек Жақсыбековке «ЭКСПО-2017» көрмесін жарнамалауға елордалық оқушыларды жұмылдыру туралы ерекше ұсыныс айтты.

  • 21 Тамыз 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz

Ол үшін ұстаздар арнайы клуб ашып, түрлі шараларды өткізуді көздеп отыр. Сөйтіп, мұғалімдер оқушылардың көмегімен 2017 жылы өтетін халықаралық көрмені жарнамалауға құлшыныс танытуда. Бұдан бөлек жиында Елордадағы мектептердің жай-күйі сөз болды. Жаңа оқу жылына 3 мың 600 орындық 3 мектеп пайдалануға берілетінін айтқан білім басқармасындағылар сабаққа сақадай саймыз деп отыр. Әрі биыл ата-аналар  үшін жаңа электрондық жүйе халыққа қызметін бастайды. Ол арқылы әркім баласын балабақшаға кезекке қойып, тізімді бақылап отыруына мүмкіндігі болады.

Эльмира Суханбердиева, Астана қалалық Білім басқармасының басшысы:

—  Бұл бағдарлама әлі әзірлік үстінде. Жақында электрондық үкіметке кіргізіледі. Осы арқылы балабақшаға орналасу қаншалықты әділ жүретінін бақылауға болады. Өйткені қаламызда 85 мыңнан астам бүлдіршін кезекте тұр. Бұл тым көп. 

Соңғы жаңалықтар