ЭКСПО халықаралық көрмесі кезінде 60 ерікті жас Астана теміржол вокзалында елордасына келген қонақтарға түрлі қызметтер көрсетеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Еріктілер қалаға тұңғыш рет келген қонақтарға билет сатып алу, көрмеге жету, қонақ үйлер таңдау, такси шақыру туралы анықтамалар беріп, жол көрсетеді»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясының вокзал шаруашылығы жөніндегі директорының орынбасары Абай Досанов.
Еріктілер 10 адамнан топталып, екі ауысымда 6 сағаттан, таңғы 8:00 ден 20:00 сағатқа дейін қызмет етеді. Олар арнайы нұсқаулықтар бойынша біліктіліктерін көтеріп, шеберліктерін шыңдады, шет тілін үйренді.
ЭКСПО халықаралық көрмесі кезінде «Нұрлы жол» теміржол вокзалында және Астана халықаралық әуежайда қызмет көрсетуге де еріктілер тартылатын болады.