Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелерін, қытай тарапының Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуын және қазақстандық-қытайлық Іскерлік кеңесінің кезекті 3-ші отырысын өткізуді талқылады.
Елші сұхбаттасын Қазақстандағы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі мазмұнымен таныстырып, оның «Жібек жолының экономикалық белдеуімен» үндестігіне назар аударды.
Цзян Цзэнвэй ҚХР үкіметі қытай тарапының «ЭКСПО-2017»-ге қатысуына, сондай-ақ және қазақстандық-қытайлық Іскерлік кеңесінің аясындағы екі мемлекеттің іскерлік топтары арасындағы байланыстарды тереңдетуге және одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қытай тарапының «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысу мәселелерін пысықтап, онда Қытай ұлттық павильонын салу сұрақтарын пысықтау мақсатында, ҚХР ХСЖК делегациясының 2015 жылдың екінші жартысында Астанаға жұмыс сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Сонымен қатар екіжақты экономикалық және инвестициялық жобаларды талқылау мақсатында ҚХР кәсіпкерлерінің делегация құрамына кіргізіліп, Қазақстанға сапарын ұйымдастырылуы жоспарланды.
Айта кетейік, 1952 жылы құрылған ҚХР ХСКК бүгінгі күні қытайлық компаниялардың тауарлары мен қызметтерін халықаралық нарықтарға ілгерілету бойынша ірі ұйымы болып табылады. Комитеттің құзыреті Қытай экономикасының сауда және өнеркәсіп салаларындағы барлық кәсіпорындар мен мекемелерді қамтиды. ҚХР ХСКК — қытай компанияларының ең ірі халықаралық көрмелерге қатысуларын қамтамасыз ететін жауапты орган және және қазақстандық-қытайлық Іскерлік кеңесінің тең құрылтайшысы болып табылатын мекеме.