ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы әлемдегі ғаламтор пайдаланушыларын таң қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы әлемдегі ғаламтор пайдаланушыларын таң қалдырды

ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы әлемдегі ғаламтор пайдаланушыларын таң қалдырды

Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімі көпшіліктің көңілінен шықты. Әлемнің түкпір-түкпірінен тікелей тра

  • 10 Маусым 2017
  • 624
Фото - Caravan.kz

Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімі көпшіліктің көңілінен шықты. Әлемнің түкпір-түкпірінен тікелей трансляцияны тамашалағандар алған әсерлерін ғаламторда жария етуге асықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еске сала кетсек, 2017 жылы 9 маусымда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ашық деп жариялады. Айта кетейік, көрменің ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтіп, кейін ол Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерт аяқталған соң көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып отшашуды тікелей трансляция көмегімен әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар тамашалады.

Ашылу рәсімі көңілінен шыққандардың бірі сонау Оңтүстік Американың тұрғыны Katharina Brandt есімді пайдаланушы. Ол: «Жаңбырлы Чилидің оңтүстігінен жалынды сәлем! Қазақстанға және ТМД-ға сәлем! Құрметті отандастар бейбітшілік пен сүйспеншілік болсын!», деп жазды тікелей эфирдегі салтанатты шараны тамашалай отырып. Людмила Фалко болса: «Қазақстанға алғыс айтамын! Сонда тұрған кезімде өмірімнің ұмытылмас сәттері өтті. Сағынамын, Сіздерге ең жақсыны және бейбітшілікті тілеймін. Сәлеммен Лондоннан», — деп Тұманды Альбионнан жалынды сәлем жолдады. Ал Ақжолбек Қоңыров: «Қырғызстаннан сәлем! Қазақтар жарайсыңдар!», деп қошемет білдірсе, «Германиядағылар да тамашалап отыр. Отаным Қазақстанымды сүйемін!», деп жазды Нелли Гис. «Қазақстанға сәлем!!! Өте тамаша! Сіздерді Воронеж (Ресей) тамашалап отыр. Астананың бұрынғы тұрғыны», деп жазды халықаралық көрменің ашылу рәсімін көріп отырған ресейлік Зинаида Марьянова. Атап айтқанда, шамамен 15 минутқа созылған отшашу таңғажайып көрініске айналды.


Көрме аумағындағы Медиа-орталық қызметкерлерінің мәліметінше, фейерверкті ұйымдастыру үшін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы шетел компаниясын тартқан көрінеді. Пиротехник мамандар мен отшашу снарядтары туралы ақпарат кейін белгілі болмақ. Айта кетерлігі, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне бірқатар елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысты. Олардың арасында Чехия Республикасының Президенті Милош Земан, Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттель, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Сербия Президенті Александр Вучич, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедов, Пәкістан Премьер-Министрі Наваз Шариф, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Испания королі Филипп VI, сондай-ақ Ресей Президенті Владимир Путин бар