ЭКСПО-2017: мемлекеттік комиссияға премьер-министр жетекшілік етпек
![]() |
Президент Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. |
Сейсенбі күні Ақорданың ресми сайтында жарияланған жарлыққа қарашаның 26-сында қол қойылған. Құжат сол күннен бастап күшіне енді.
Жарлыққа сәйкес, мемлекеттік комиссия төрағасы болып премьер-министр Серік Ахметов, төрағаның орынбасарлары - вице-премьер Қайрат Келімбетов пен Астана әкімі Иманғали Тасмағанбетов тағайындалды.
Комиссия құрамына Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев, Қаржы министрі Болат Жәмішев, Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, вице-премьер - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай, Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі басшысы Серік Нокин және президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бақыт Сұлтанов кірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін