«Қатысушы мемлекеттер Көрме ұйымдастырушыларына павильондарды бастапқы түрде тапсыру мақсатында экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдар демонтажын, сондай-ақ тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет. Аталған процесс 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. Сәулет департаменті мен Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті демонтаж процессіне бақылау жүргізеді», — делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада. Көрменің басты нысаны «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады.
Айта кетерлігі, «Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.