ЭКСПО-2017 павильондарын демонтаждау жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-2017 павильондарын демонтаждау жұмыстары басталды

ЭКСПО-2017 павильондарын демонтаждау жұмыстары басталды

11 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы халықаралық павильондардың демонтажы жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 12 Қыркүйек 2017
  • 218
Фото - Caravan.kz

«Қатысушы мемлекеттер Көрме ұйымдастырушыларына павильондарды бастапқы түрде тапсыру мақсатында экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдар демонтажын, сондай-ақ тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет. Аталған процесс 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. Сәулет департаменті мен Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті демонтаж процессіне бақылау жүргізеді»,  — делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада. Көрменің басты нысаны «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады.

Айта кетерлігі, «Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.


Соңғы жаңалықтар