ЭКСПО-дан кейін үкімет ауысуы мүмкін. Одан не өзгереді? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-дан кейін үкімет ауысуы мүмкін. Одан не өзгереді?

ЭКСПО-дан кейін үкімет ауысуы мүмкін. Одан не өзгереді?

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім еліміз сыртқы саясатта қатты ұтылды, деп пайымдайды. Ол мұны Ресейге салынған санкциялармен байланыстырып отыр.

  • 9 Тамыз 2017
  • 1196
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталына сұхбат берген саясаттанушы елдегі қазіргі билік жүйесі мен үкіметтегі кадрларға қатысты да ой бөлісті.

— ЭКСПО-дан кейін елімізде үкімет ауысуы мүмкін деген сыбыс бар. Ол қаншалықты шындыққа жанасады, оған негіз бар ма?

— Өз басым Үкімет ауысады, ауыспайды деген нәрсеге еш уақытта көңіл бөлмеймін. Себебі, үкіметтің өзгергенінен ешнәрсе өзгермейді. Өйткені бұрынғы адамдар бір министрліктен екінші министрлікке ауысады. Үкіметтің бұрынғы бағыты қалады. Сондықтан осындай сыбыстарға қызығушылық танытатындарға түсінбестікпен қараймын. Қазақстанда авторитарлық билік жүйесі болғандықтан ешуақытта билік ауысқанымен ешнәрсе өзгермейді. Тек адамдардың фамилиясы ғана ауысады. Сондықтан мен үшін ол ешуақытта қызық тақырып емес сияқты, көңіл аудармаймын.

— Бізде үнемі ротация ғана болады. Бірен-саран жас кадр келеді. Бұл үкіметте сенімді саясаткер, өз саласының кәсіби мамандарының тапшылығын білдіре ме?

— Жоқ, бұл жерде маман ештеңе шешпейді. Өйткені саяси билік бұрынғы орнында қалды. Бір жерде жақсы маман кезігіп қалуы мүмкін. Бір жерде ондай жақсы кадр көзге ілікпей қалуы ықтимал. Бірақ оның үстінен саяси бағытты анықтап тұратындар сол бұрынғы Кеңес үкіметінен келе жатқандар.

— Сағынтаев үкіметі Мәсімов үкіметімен салыстырғанда мойнына жүктелген өз міндетін қаншалықты атқарып жатыр?

— Артық кеткен ештеңесі жоқ. Сағынтаев келгенде үкімет ең болмаса қазақша сөйлейтін деңгейге жете ме деп ойлап едік. Сөйтсек оған да жете алмай отырмыз. Ылғи қазақ отырып алып өздерінің мемлекеттік тілінде сөйлей алмай отырған соң одан не қайыр, не үміт?

— Уақыт өте жас кадрлар келіп, ескі кадрлардың орнын басуы қалыпты құбылыс. Ел ішінде оларға деген сенім қандай?

— Менің ойымша олардан үміт күтетіндей сенім көріп отырған жоқпын. Бір кезде жас түркілер келгенде сенім болған. Бірақ, кейін олар да ақша ұрлаудан артылмай қалды. Сондықтан, бұл келгендерден де ешнәрсе күте алмаймын. Мысалы, біреу келіп 5 жыл Мәскеуде оқып едім қазақ тілін ұмытып қалыппын деп отыр. Ондай кадрлардан қандай үміт күтуге болады. Әрине, оқып келгендер бар. Белгілі бір мамандық иелелері де бар шығар. Болашақты оқып келгендер, тағы басқалар. Бірақ, олар біздің қоғамның ерекшелегін түсіне ме? Өйткені, Қазақстандағы билік жүйесінің өзіндік ерекшелігі бар. Ал оларды шетелде оқытқанда басқа қоғамның маманына дайындайды. Сондықтан әуелі қазақи қоғамның ерекшелігін білу керек. Менің ойымша Болашақтан таза қазақша сөйлеп, қазақ мәселесіне оң көзқраспен қарайтын БҚО дағы Алтай Күлденов қана шығар. Оның өзі Шымкентікі болған соң солай болған шығар. Басқаларының қазақша сайрап отырғанын көрген жоқпын.


Dalanews.kzDalanews.kz

— Жалпы биліктегі көптеген жас кадрлардың бұрынғы ескі кадрлардың туыстары немесе балалары екені жасырын емес. Алдағы уақытта олар ағаларынан асып дамудың өзге жолын таңдайды деп сеніммен айта аласыз ба?

— Жоқ, айта алмаймын. Ондай өзге жолды таңдайтындай дәрежеде болу үшін олар белгілі бір саяси топ болып келуі керек немесе партия болып. Ал жеке бір-екі адамның келуі еш нәрсе өзгертпейді. Ол бір қозғалыс болып па, батысшылдар, жаңашылдар деген сияқты саяси топ болуы керек. Биліктегілердің үштен екісі ағаларының көкелерінің арқасында келгендер шығар. Ал өз күштерімен оқып, қызметте жүргендер жеке батыр болып жүр. Билікке келгендері де бар. Мен оларды білемін. Бірақ олардың барлығы қазір кетті. Өйткені оларға мұнай компанияларында, шетел инвесторлармен жұмыс істегені жүз есе артық.

— Ресейге санкция салынғалы елімізге қандай саяси бағыт ұстанған жөн. Билік ресеймен түрлі одақтар жасауының қате екенін ендігі толық түсінді деп ойлайсыз ба?

— Кезінде осындай түрлі кері әсерлері болатынын біз айттық. Менің ойымша бұл белгілі бір саяси қажеттіліктен туған шығар. Мұны біз біле бермейтін шығармыз. Өйткені біздің қолымызда Қазақстанның барлық ақпараты жоқ қой. Ол ақпарат президентте бар шығар, ол ақпарат үкімет мүшелерінде бар шығар. Сондықтан олар бұл жағынан үлкен бір сын айтудан аулақпын. Бірақ соған ең болмаса мәжбүлікпен кіріп отырмыз дегенді де айтып, ескертуі керек еді. Енді қазір біз басқыншы елдің жақтасы болып отырмыз. Ал агрессор елдің досына, одақтасына батыс оң көзбен қарамайды. Жалпы біз сыртқы саясатымызда көп жағдайда ұтылдық. Бізге Ресеймен де, Қытаймен де, Өзбекстанмен де бұрынғыдай екі жақты келісім, экономикалық шарттар арқылы байланысты ұстап отыру керек еді.

Соңғы жаңалықтар