ЭКСПО-ға келгендердің ешқайсының да қатты жарақат алмағаны туралы айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-ға келгендердің ешқайсының да қатты жарақат алмағаны туралы айтылды

ЭКСПО-ға келгендердің ешқайсының да қатты жарақат алмағаны туралы айтылды

Көрме қонақтарының денсаулығын қорғау мақсатында 1 335 медициналық жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды; көрме кезіндегі жалпы қалалық шараларда 222 кезекшілік жүргізілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

  • 27 Шiлде 2017
  • 230
Фото - Caravan.kz

Мамандандырылған халықаралық «ЭКСПО-207» көрмесін өткізу алдында сапалы медициналық көмек көрсету бойынша жедел штаб құрылды, көрме аумағында 6 медициналық пункт және орталық орналасқан.

Көрменің өтуі кезінде 4 506 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталық тілшісіне «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директоры Санияр Айтекенов.

-Оның ішінде 3862 қазақстандық, 647 шетелдік азаматтар. Жарақат алу бойынша 556 адам көмек сұрады, улану бойынша – 134, қан айналымы жүйесіндегі ауруға қатысты – 420, хирургиялық патологиямен – 134, акушерлік-гинекологиялық патологиямен, жүктілікті қоса алғанда – 116 адам жүгінді. Аллергия, жәндіктердің шағып алуы, күн өту, ыстық көтерілу жағдайлары бойынша 3 149 адам дәрігерлерге келген, — деді С.Айтекенов.

Көрмені өткізу кезінде барлығы 861 адам эвакуацияланған, оның 161-і ауруханаларға жатқызылған.


-Айта кетерлігі, ауыр халде бірде-бір адам тіркелген жоқ, абырой болғанда да соңы қайғымен аяқталған жағдайлар орын алмады, — деп атап өтті ол.

Көрме қонақтарының денсаулығын қадағалау үшін 1 335 медициналық жедел көмек көрсету көлігі жұмылдырылды. Көрме кезіндегі жалпы қалалық шараларда 222 кезекшілік жүргізілді

Бұдан бөлек, тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық және қаланың инфрақұрылым нысандарын барлық бейнебақылау жүйесі біріктірілген Ахуал орталығы құрылды.

«109» қызметі бойынша штаттан тыс тіркелген жағдайлар – 5539; тіркелген ТЖ – 5; тіркелген құқық бұзушылық пен қылмыс – 3343.