ЭКСПО-ны сынап жазған шетелдік журналист халықаралық көрмеге барып көрмеген екен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-ны сынап жазған шетелдік журналист халықаралық көрмеге барып көрмеген екен

ЭКСПО-ны сынап жазған шетелдік журналист халықаралық көрмеге барып көрмеген екен

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы мақала жазған Джеймс Палмерге қатысты қызық жайттарды жария етті

Foreign Policy америкалық басылымында жарық көрген Джеймс Палмердің ЭКСПО көрмесі туралы сыни материалына қатысты "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі департамент жетекшісі Сергей Куянов пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

  • 19 Маусым 2017
  • 366
Фото - Caravan.kz

PR-департамент басшысының айтуынша, Джеймс Палмер деген журналист бар, бірақ ол америкалық емес, Ұлыбритания азаматы. Ол шын мәнінде көрме туралы мақала жазған. Бірақ, қызығы сол, бұл журналист ЭКСПО кезінде Қазақстанға келмеген болып шықты.

"Бір анықтағандай, біріншіден, ондай журналист бар, ол британдық, бірнеше басылымға жазады екен. Негізінен Орталық Азия және Қытай бойынша жазады. Екіншіден, көрмеге ондай журналист тіркелмеген, аккредиттелмеген болып шықты. Үшіншіден, қауіпсіздік департаментіндегі әріптестеріміздің көмегімен мұндай адамның Қазақстанның шекарасын кеспегені белгілі болды", — деп мәлімдеді Куянов. 

ЭКСПО көрмесі PR-қызмет басшысының топшылауынша,  Палмер өзге біреудің оған берген материалын немесе басқаның көрмеден алған әсерін пайдаланған. Не болмаса оның атын басқа журналист пайдалануы мүмкін. 

"Бұл өзі оғаштау жағдай болып тұр, өйткені журнал көпшілікке белгілі. Басылымның лақап атпен арқылы материал жариялауы екіталай, өйткені оның журналға зияны тиеді. Десек те, осындай жағдай орын алып отыр", — деді Куянов.  Сондай-ақ, департамент басшысы мақаладағы шындыққа сәйкес келмейтін бірқатар фактіні атап өтті.  "Жоба құнынан бастап барлық сандар, фактілер шындыққа сәйкес келмейді. Ол 5 миллиард доллар туралы жазады. Тағы да қайталап айтқым келеді, үш, бес немесс жеті емес, 1,3 миллиард доллар жұмсалды, бұл кешендердің құрылысын қоса алғанда», — деп түйіндеді Куянов.