Экспортталатын тауарларға бағаның жоғарылауы тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экспортталатын тауарларға бағаның жоғарылауы тіркелді

Экспортталатын тауарларға бағаның жоғарылауы тіркелді

2014 жылғы тамызда экспорттық жеткізілімдерге бағаның жоғарылауы, сондай-ақ бағаның импорттық түсімдерге төмендеуі белгіленді.

  • 13 Қазан 2014
  • 478
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен хабарланды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылғы тамызда шілдемен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 0,7 пайызға жоғарылады, импортталатындарға  0,1 пайызға төмендеді.

«Экспорттық жеткізілімдерден бағаның бір айда газ конденсатына — 8,5, түсті және қара металл кендеріне — 7,2, мырышқа — 7, алюминийге — 5,5, табиғи газға — 0,7, мұнай өнімдеріне 0,6 пайызға жоғарылауы тіркелді. Бұдан бөлек, бағаның қорғасынға — 9,1, қара металдар илегіне — 4,5, мақтаға — 3,8, ферроқорытпаларға — 2, жүнге — 1,9, көмірге — 1,4, сұйытылған пропанға 0,8 пайызға төмендеуі белгіленді. Баға арпаға — 9,8, жармалар — 9,1, ұнға — 7,3, бидайға 2,2 пайызға арзандады»,-делінген комитет мәліметінде.

Ал ипорттық түсімдерден құс еті — 5,2, өсімдік майы — 5, темекі — 4,1, шай — 1,7, сүт өнімдері  0,9 пайызға арзандады, сондай-ақ кофе — 29,4, көкөністер — 11,8, балық — 2, күріш — 1,4, жеміс -1, қант  0,9 пайызға қымбаттады.