Экстремистік іс-әрекеттерге қатысы бар Өзбекстан азаматы елімізден экстрадицияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экстремистік іс-әрекеттерге қатысы бар Өзбекстан азаматы елімізден экстрадицияланды

Экстремистік іс-әрекеттерге қатысы бар Өзбекстан азаматы елімізден экстрадицияланды

28-қазан, бейсенбіде ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері Өзбекстан азаматы Одилхан Момыновты экстрадициялады. Кешкі сағат 18-де ол Қазақ-Өзбек шекарасында көршілес елдің күш құрылымдарының өкілдеріне табысталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Нұрлан Тасқынбаев хабарлады.

  • 29 Қазан 2004
  • 342
Фото - Caravan.kz

Өзбекстан Республикасы Наманган ауданының 55 жастағы тұрғынына 1999-жылы халықаралық іздеу жарияланған. Оған өз елінде бірқатар ауыр қылмыстарға, діни-экстремистік әрекеттерге қатысы бар деп айып тағылуда.

О.Момынов 2004-жылдың 1-қыркүйегінде Шымкенттегі бір пәтерде ұсталған. Тінту кезінде оның үйінен діни мазмұндағы аудиокассеталар мен әдебиеттер табылды. ҚР Бас прокуратурасының шешімімен тұтқын Өзбекстан өкіметіне табыс етілді.

Перейти к новостям спорта