"Экстремизм туралы" заң таяу уақыттарда қабылдануы мүмкін - ҚР ҰҚК-нің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Экстремизм туралы" заң таяу уақыттарда қабылдануы мүмкін - ҚР ҰҚК-нің төрағасы

"Экстремизм туралы" заң таяу уақыттарда қабылдануы мүмкін - ҚР ҰҚК-нің төрағасы

Елімізде "Экстремизм туралы" заң таяу уақыттарда қабылдануы мүмкін. Бұл туралы ҚР ҰҚК-нің төрағасы Нартай Дүтбаев бүгін, 1-қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 1 Қыркүйек 2004
  • 2111
Фото - Caravan.kz

Н.Дүтбаевтың түсініктемесіне жүгінсек, «Экстремизм туралы» заңның жобасында «Қазақстан аумағында түрлі ұйымдардың іс-қызмет жүргізуіне тыйым салу тетіктері дәйектелген». «Әлдебір ұйымның лаңкестік ұйымдарға жататыны туралы ақпарат түскен жағдайда сотқа шағым беріледі. Ұйымның іс-қызметіне тыйым салу туралы шешімді сот қабылдайды»,- деді ол. Осындай ұйымдардың іс-қызметі туралы ақпаратпен еліміздің құқық қорғау мекемелері түгелдей, соның ішінде ҚР ҰҚК де айналысатын болады.

Бірқатар ұйымдар тарапынан аталмыш заң жобасына қатысты айтылған сын-пікірге тоқталған Н.Дүтбаев дүниежүзінің көптеген елдерінде, соның ішінде АҚШ, бірқатар Еуропа елдері, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанда іс-қызмет жүргізуге тыйым салынған лаңкестік сипаттағы экстремистік ұйымдардың тізімі бар екенін атап өтті. «Ал Қазақстанда ондай тізім жоқ»,- деді ол. Алайда, ҰҚК төрағасының айтуынша, Қазақстанда «Хизб-ут-Тахрир», ваххабиттер және т.б. исламдық діни ұйымдар бар. «Іс-қызметі экстремистік сипаттағы бұдан басқа да ірілі-ұсақты ұйымдар жоқ емес»,- деді төраға. Н.Дүтбаевтың айтуынша, «экстремистік ұйымдар өз іс-қызметімен ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төндіреді».

Перейти к новостям спорта