Жарияланды: 360

Электр сымының айқасып тұйықталуы салдарынан екі жасар қыз көз жұмды

Алматы облысының Талғар ауданында жұма күні кешке жекеменшік тұрғын үйде газ-ауа қоспасының тұтануынан асүйдегі жиһаз өртене бастады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Өртпен күреске ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы қатысты. Оқиға орнынан термиялық күйіктер шалған 39 жастағы ер адам мен 12 жастағы қыз бала ауруханаға жеткізілді. Сол күні Алматы облысының Есік қаласында электр сымының айқасып тұйықталуы салдарынан иіс тиіп уланған екі жасар қыз бала оқиға орнында мерт болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін