Электр тұстамасының өртенуі салдарынан 4 жасар бала иіс тиіп уланды
Павлодар қаласында сәрсенбі күні кешке 5 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы алаңда электр тұстамасы өртенді. Жалын көп ұзамай пәтерді жалмады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен. Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Иіс тиіп уланған 4 жасар қыз бала ауруханаға жеткізілді. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін