Электр желілеріне қызмет көрсетуші бригадалардың халықаралық жарысына Қазақстанның атынан Қарағанды командасы қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электр желілеріне қызмет көрсетуші бригадалардың халықаралық жарысына Қазақстанның атынан Қарағанды командасы қатысады

Электр желілеріне қызмет көрсетуші бригадалардың халықаралық жарысына Қазақстанның атынан Қарағанды командасы қатысады

ТМД елдерінің ұлттық энергожүйелерінің электр таратушы желілеріне қызмет көрсетуші бригадалардың кәсіби шеберліктері сыналатын халықаралық жарысқа Қазақстанның атынан Қарағанды командасы қатысатын болды.

  • 9 Маусым 2011
  • 354
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінен хабарлады.

Энергетиктердің халықаралық жарысына қатысатын үміткерлерді іріктеу мәселесі бойынша Комитетте өткізілген кеңестің қорытындысы бойынша, ТМД елдерінің ұлттық энергожелілерінің 110 кВт және одан жоғары кернеулі электр желілеріне қызмет көрсетуші бригадалардың халықаралық жарысында еліміздің абыройын «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің командасы қорғайтын болып шешілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды командасы 2010 жылы Қазақстанда өткен халықаралық жарыста жеңіске жеткен болатын. Биылғы жарыс Ресейдің Пенза қаласында 18-24 қыркүйек аралығында өтеді. Оған Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Грузия және Қазақстан елдерінен 9 команда қатысады.

Соңғы жаңалықтар