Электромобильмен баланы қағып кеткен ресейлік дипломаттың атына сотқа арыз түсірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электромобильмен  баланы қағып кеткен ресейлік дипломаттың атына сотқа арыз  түсірілді

Электромобильмен баланы қағып кеткен ресейлік дипломаттың атына сотқа арыз түсірілді

Алматыда ресейлік дипломат электромобильмен қағып кеткен кішкентай қыздың әжесі сотқа арыз түсірді. Естеріңізге салсақ, оқиға өткен айдың басында Алматыдағы 28  панфиловшылар саябағында орын алған-ды.

  • 24 Маусым 2011
  • 427
Фото - Caravan.kz

Электромобильдің жылдамдығын шамадан тыс асырған Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығының кеңесшісі Андрей Мамаев балалар ойнап отырған алаңқайға шығып кетіп, төрт жасар Лилия Сметанинаны қағып кеткен болатын. Тексеру жүріп жатыр дегенмен,құзырлы орындар ешқандай іс қозғамаған еді. Бүгін кішкентай Лилияның жақындары дипломатты жазаға тартуды талап етіп, сотқа арызданды. Ал ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген бүлдіршіннің қазір беті бері қараған. Одан бөлек,электромобиль құрастырушылары тағы бір жағдайдың шетін шығарды. Олар:“Ресейлік дипломат мінген көлікті саябақта пайдалануға болмайды. Ол — гольф ойынына арналған машина» -деп отыр.


Надим Галлиев
, электромобиль құрастырушысы:

— Электромобиль белгілі бір гольф-клубқа тиесілі болуы мүмкін. Олар кедендік тіркеуден өткен, сондықтан оны анықтау қиын емес. Ал көлік тек гольф ойнауға арналған. Саябақта пайдалануға мүлдем келмейді. Аса қатты жылдамдықпен жүреді.  

Соңғы жаңалықтар